Жайтас (нефрит) түркі халықтарының арасында жеңіс тасы болып саналды, онымен пышақтар, қылыштар, ер-тоқымдар мен белдіктер безендірілді. Жайтастан жасалған тұтқалары бар өткіз жүзді қарулардың көптеген жәдігерлері әлемнің ең жақсы мұражайларында сақтаулы. Мамандардың пайымдауынша, жайтас ежелгі уақытта тек ауқатты адамдарға қол жетімді болды және әлеуметтік мәртебенің көрсеткіштерінің бірі болған. Бұл минералдың тағы бір қасиетті жағы – оның «жел мен жаңбырды шақыру қабілеті». Дереккөздер жайтас сиқырлы тасқа деген сенімнің көптеген көріністерінің бірі ретінде қызмет еткенін, оның көмегімен XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына дейін көне түркі қамдары мен қазақ бақсыларының жаңбыр жаудыратын ғұрыпты жасағанын көрсетеді. Түркілер мұндай «жаңбыр тасын» яда – таш деп атаған.
Сиқырлы тас туралы ұқсас түсініктер алтайлықтарда, тувалықтарда және т.б. кездеседі. Мысалы, алтайлықтарда ол тек жаңбыр жаудыру үшін ғана емес, сонымен қатар бұлттарды тарату және жылуды шақыру үшін де қолданылған, мұны арнайы бақсы – ядачи жасаған. Нефриттен басқа, яшма немесе жадеит қолданылуы мүмкін. Нефриттің қазақтардағы «метеорологиялық» қабілеттері оның найзағай соғуына қарсы бойтұмар ретіндегі түсінігінен де көрініс тапты. Қазақтардың дүниетанымында нефритке «жеңімпаз» күш пен «метеорологиялық» қасиет берілген.